Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы маусым алдындағы екінші оқу-жаттығу жиыны аясында соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Қарсыласымыз – Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Денизлиспор» командасы болған. Өкінішке қарай, ойын 0:1 есебімен аяқталды.
«Денизлиспор» — тарихи тереңде жатқан түрік клубтарының бірі. 1966 жылы құрылған аталмыш команда бүгінде Түркия Бірінші лигасында 15-орында келеді. Сервет Четин, Юсуф Чимшек сынды ойыншылардың ысылып шыққан жері.
Ойын «Адора» қонақүйінің футбол алаңында өтті. Кездесудің басым бөлігі жерлестеріміздің шабуылымен өткенімен матч тағдырын алаң иелерінің соққан жалғыз голы шешіп кетті. Қорытынды есеп – 0:1. Енді қаңтардың 20-сы команда Түркиядан Қызылордаға қарай ұшады.