Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Сыр спортында серпіліс бар

Биыл салаға бөлінген қаржы көлемі 15 910,3 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 19,4%-ға (2023 жылы 14 314,1 млн. теңге) артты. 


Оның ішінде басқарма бағынысындағы мекемелерге 9 484,5 млн. теңге, мемлекеттік спорттық тапсырысқа – 2 807,3 млн. теңге, кәсіпқой спорт клубтарға – 2 010,0 млн. теңге, спортшылардың іс-сапар шығындарына – 768,2 млн. теңге, мемлекеттік-жекешелік әріптестікке – 312,9 млн. теңге, бұқаралық спортқа – 155,0 млн. теңге (спорттық киімдерге – 17 658,0 мың, көлік құралдарын жалға алу 11 976,0 мың, «Алтын белбеу» жарысына – 18 300,0 мың, марафон – 1 500,0 мың, мүгедектер спартакиадасы – 1 500,0 мың, күштік құрылымдар арасындағы турнир – 7 432,0 мың, медаль,билборд, мақтау қағазына – 10 000,0 мың, жарыс жүлдегерлері мен төрешілер ақысына – 9 704,0 мың, шәкіртақыға – 57 587,0 мың, спорттық жарыстарға қажетті құрал жабдықтарға – 1 450,0 мың теңге ), жыл көлемінде жоғары жетістікке жеткен спортшылардың шәкіртақысына – 148,0 млн. теңге, басқарманың аппаратына – 136,9 млн.теңге, трансферттерге – 63,2 млн. теңге, туризм саласына – 24,3 млн. теңге қаралды. 
Өңірдегі халықтың 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі өткен жылдың қорытындысымен 1490-ды құрап (12 стадион, 47 спорт кешені, 1 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 1 есу базасы, 12 ату тирі,  1 хоккей корты, 1390-жазықтық құрылғылар, 13 теннис корты, 3 ипподром, 9 жүзу бассейні), 44%-ға жетті.
Облысымызда 2023 жылы 13 спорт кешенінің (Қамыстыбас, Аманөткел, Пірімов, Түктібаев, Бесарық, Ақай, Ақсуат, Ақ жол ауылдық округтерінде Жақсықылыш, Жосалы, Жалағаш, Шиелі, Тасбөгет кенттерінде) құрылысы жүргізіліп, оның 9-ы қолданысқа берілді (Қамыстыбас, Аманөткел, Қазалы ауданы Пірімов, Түктібаев, Махамбет, Машбек ауылдары және Жосалы, Шиелі, Тасбөгет кенті). 
Өтпелі 4 нысанның (Жақсықылыш, Бесарық, Ақай, Жалағаш) құрылыс жұмыстары жалғасуда.  2024 жылы аудандардан жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 10 кешеннің құрылысы жүргізілуде.
Ал Жаңа жол, ІІІ Интернационал ауылдарында құрылысы басталса, Қожабақы, Бекарыстан би, Шижаға, Келінтөбе ауылдары мен Әйтеке би, Шиелі кенттерінде енді іргетасы қаланады. Қазақстан Халқына қоры арқылы аңғар типтегі спорт кешендері - Аққыр, Ақтоған ауылдарында салынады. 
2024 жылы Қызылорда қаласынан құны 20,9 млрд. теңгені құрайтын 10 мың орындық стадион, құны 2,7 млрд. теңгеге үстел теннисі орталығының құрылыстары қарқынды жүргізілуде («Samruk- Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорынан – 900,0 млн теңге). 
Демеушілік көздерден  2  шағын спорт кешенінің (Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі, Шиелі ауданы Досбол датқа ауылы) құрылысы шілде айында басталатын болады. Жобалардың жалпы құны - 350,0 млн теңге.
Қазақстан футбол федерациясының «ALAN» бағдарламасы арқылы Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңын күрделі жөндеуден өткізіледі жоспарлануда. Жоба құны - 187 млн. теңге.
Аймақта жоғары білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағытында 33 спорт мекемесі жұмыс жасайды. Спорт мектептерінде 48 спорт түрімен 640 жаттықтырушы-оқытушы 22 266 спортшыны тәрбиелеуде.
2024 жылдың 6 айында облыстың құрама команда мүшелерінің ресми жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуын қамтамасыз етуге 530 748,4 мың теңге қаржы жұмсалды.
Аталған қаржыға облыстың құрама команда сапында 726 спортшы 111 оқу-жаттығу жиынына  қатысса, 2069 спортшы 225 республикалық, халықаралық жарысқа қатысты.
Нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаты мен кубоктарынан 609 медаль (208 алтын, 186 күміс, 215 қола), Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 83 медальға (42 алтын,  23 күміс, 18 қола)  қол жеткізді. Сонымен қатар, 3 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 20 – ҚР спорт шебері, 570 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді.
2024 жылы жалпы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 960 спортшы енген.
Биылғы жылдың басты спорттық додасы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына аймағымыздан 7 жолдама алған спортшылар (бокстан - Қ. Қоңқабаев, грек-рим күресінен      А. Сұлтанғали, дзюдодан – А. Жұбаназар мен Н. Шархан және отырып ойнау волейболынан - Э. Қасқабаев, Ш. Медеуов, Е, Әбдібек пара жеңіл атлетикадан – Жоламан Еламан, пара пауэрлифтингтен – Шакиев Станислав) бар.
Осы ретте спортшыларымыздың Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дайындалу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана, отырып тиісті деңгейде қолдаулар көрсетудеміз. 
2024 жылы ҚР Ұлттық құрама команда сапындағы спорт түрлерінен 81 спортшыға ай сайынғы шәкіртақыға 205 657,0 мың теңге жоспарланған.
2023 жылы сыр спортын дамыту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір халқының 39%-ы бұқаралық спортпен айналысуға қол жеткізіп, 328 597 (ауылдық жерде 192 535) адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1%-ға немесе 12 497 адамға артты.
Сондай-ақ, өткен жылы дене шынықтыру және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ айналысатын мүгедектігі бар адамдардың үлесі 7,9%-ға жетіп, 1130 адамды құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1%-ға немесе 509 адамға артты.
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамыту бағытында облысымызда 6 айдың нәтижесімен 13 ҚР чемпионаттары,  2 халықаралық турнир, 23 республикалық турнир, 86 облыстық деңгейдегі біріншіліктер мен жарыстар ұйымдастырылып оған 18316  спортшы қатыстырылды. 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы бағыттағы жұмыстарды жүйелендіру мақсатында ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы (2023 жылғы 28 наурыздағы 251 ҚРҮК) бектілді.
Тұжырымдамаға сәйкес 2029 жылға қарай дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесін 50%-ға дейін арттыру, халықтың 1000 адамға шаққанда спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін 65%-ға дейін ұлғайту және дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдардың үлесін 23 %-ға дейін жеткізу міндеті қойылған.
Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 2024 жылға 2761,1 млн теңге бөлініп, 184 өтінім беруші спортың 19 түрінен 758 секция жұмыс жасаса, ондағы бала саны-14970, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі бала саны-8.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: