Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Астана» командасы алғаш рет Қазақстан Cуперкубогын иеленді.

«Астана» командасы алғаш рет Қазақстан Cуперкубогын иеленді.Суперкубокты Қазақстан чемпионы «Астана» мен Қазақстан кубогын иеленген «Қайрат» командалары сарапқа салды, деп хабарлайды "Аламан" порталы. Матчтың негізгі уақытында да таблодағы 0:0 есебі өзгерген жоқ. Қосымша уақытта да қос команда қақпаларынан саңылау таба алмаған жоқ. Матчтан кейінгі пенальти сериясында «Астана»  3:2 есебімен жеңіске жетті.
Матч соңында қос команда бапкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Бірінші болып журналистер алдында «Қайрат» футбол командасының бас бапкері Владимир Вайсс сөз алды.
«Суперкубокты уысымыздан шығарып алғанымыз өте өкінішті.  Барлығын кездесу соңындағы пенальти шешті. Ал пенальти бұл лоторея. Сондықтан өз-өзімізді осылай жұбатуымызға тура келеді. Команда капитаны Бауыржан Исламханның жарақат алғаныда көңілімізді құлазытты. Ең бастысы жақсы ойын болды. Жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Барлықтарыңызды футбол маусымының басталуымен құттықтаймын. Келесі жексенбіде бізді өте маңызды кездесу күтіп тұр. Алматыда  Қазақстан чемпионатының бірінші турында Тобыл командасымен ойнаймыз. Сәтсіздігімізді тез ұмытып,  сол ойынға енді тыңғылықты дайындалуымыз керек» деді
«Астана» бапкері Станимир Стойлов «жаңа маусымды сәтті бастадық. Бүгінгі ойында пенальти болып қалатын шығар деп болжаған едік. Алдын-ала дайындадық. Бірақ басында біз ойлағандай бәрі сәтті болмады. Пенальти тебуде қателескен ойыншылар болды. Бастысы жеңіске жеткенімізге қуаныштымын.  Бүгінгі матчта Таңат Нөсербаевтың ойнамағаны ойынға өз әсерін тигізбей қоймады. Шабуылшылар өзіне артылған міндетті толықтай пайдалана алмай жатты.  Бастысы жеңіске жеттік» деп түйді.

«Астана» — «Кайрат» 0:0, пен. 3:2
Пенальти: Дарабаев (қақпашы) — 0:0, Шомко (қақпадан биік кетті) — 0:0, Маркович (қақпашы) — 0:0, Аничич — 1:0, Риера — 1:1, Каньяс — 2:1, Плиев (қақпа бағанасы) — 2:1, Конысбаев (қақпашы) — 2:1, Рудосельский — 2:2, Кетевоама (қақпа бағанасы) — 2:2, Калинин (қақпашы) — 2:2, Бейсебеков — 3:2
«Астана»: Эрич, Максимович, Постников, Родионов (Жуков 65), Кетевоама, Аничич, Каньяс, Шомко, Твумаси (Щеткин 98), Бейсебеков, Джолчиев (Конысбаев 71)
«Қайрат»: Плотников, Куантаев, Рудосельский, Маркович, Плиев, Гурман, Бакаев, Исаэль (Дарабаев 80), Исламхан (Калинин 97), Риера, Гоу (Сисей 80)
Төреші: Йонас Эрикссон (Швеция)
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: