Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңыр" "Қайсарға" қарайтын болады

Қызылорда облыстық футбол федерациясы Атқару комитетінің кеңейтілген қорытынды мәжілісінің барысында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев «Байқоңыр» футбол клубының алдағы тағдыры жайлы былай деді:

"Байқоңыр" "Қайсарға" қарайтын болады

- Әлбетте, «Байқоңыр» сапында негізінен жергілікті жастар ойнайтын болады. Осы командада өздерін жақсы қырынан көрсете алғандары алдағы уақытта «Қайсардың» қосалқы немесе негізгі құрамында ойнауға мүмкіндік алады. Яғни, бір сөзбен айтқанда «Байқоңыр» жергілікті жастар үшін «Қайсарға» жолдама беретін трамплин іспеттес болуы керек.
- Команданы қаржыландыру мен оның жұмысын жүргізу мәселелерімен кім айналысады?
- «Байқоңыр» жайлы барлық мәселемен «Қайсар» футбол клубы айналысатын болады. Негізі, «Байқоңыр» Қызылорданың негізгі командасы «Қайсарға» білікті футболшылар дайындап беріп отыратын команда болуы тиіс.
- Ал бұл команданың алдына келесі жылы Премьер-лигаға шығу тапсырмасы қойыла ма?
- Жоқ, алдымызға ондай мақсаттар қоймаймыз. Бұл қажет те емес. Бізге Премьер-лигада екі команда керек емес. Кейбір облыстар мұндай нәрсені көрген. Мұның барлығы немен аяқталғанын өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: