Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсардың" 4 нөмірлі жейдесі марқұм Ә.Қалымбетовке бекітілген

"Қайсардың" 4 нөмірлі жейдесі марқұм Ә.Қалымбетовке бекітілгенҚызылорданың "Қайсар" командасының 4 нөмірлі жейдесі бұдан былай ешкімге берілмейді. Бұл жайында баспасөз мәслихатында команда директоры Руслан Балтиев мәлім етті.
Жергілікті жанкүйерлер "Қайсар" басшылығына осындай ұсыныс айтқан еді. Осыны құп алған олар ойласа келе сондай тоқтамға келді. Әбіл Қалымбетов қызылордалықтар үшін таныс есім. Ол "Қайсарда" 20 жыл бойы табан аудармастан ойын көрсетіп, барлығы 683 кездесуде жасыл алаңға шықты. Футболшылық карьерасын аяқтағаннан кейін клубта аға, бас бапкер, команда бастығы, спорттық директоры қызметтерін атқарды. Ә.Қалымбетов "Қазақстан Республикасының құрметті қайраткері" белгісінің иегері атанды.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: