Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайрат" "Барселонамен" кездесетін болды

"Қайрат" "Барселонамен" кездесетін болдыАлматының "Қайраты" футзалдан УЕФА кубогының финалында Испанияның "Барселона" командасымен ойнайды.
"Қайрат" жартылай финалда Ресейдің "Дина" командасын 7:4 есебімен сүріндірді. Ойынның негізгі кезеңі 3:3 есебімен тең аяқталған. Қосымша кезеңде жерлестеріміз жігерлі қимыл танытты. Ал "Барселона" Португалияның "Спортинг" клубын сүріндірді. Есеп 3:1.  Енді "Қайрат" пен "Барселона" 26 сәуірде финалда кездессе, 3 орын үшін "Спортинг" пен "Дина" шеберлік байқасады.  
"Қайрат" 2012/2013 жылғы бәсекеде "Барселонамен" жартылай финалда жолығып, ақтық сында Мәскеудің "Динамосын" жеңіп кетті. Осылайша УЕФА кубогын төбесіне көтерген еді. Сол жетістікті қайраттықтар қайталай ала ма? Әлде, бұдан бұрынғы кеткен есесін "Барселона" қайтара ма екен?  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: