Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Халықаралық мемориалда "Түйе палуан" ДЖИП мінеді

Халықаралық мемориалда "Түйе палуан" ДЖИП мінедіҰлы Отан соғысындагы Жеңістің 70 жылдығына орай ертең Қызылорда облысының Қармақшы ауданында Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал басталады. Бүгін осы шараға орай ұйымдастыру алқасы арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Жиынға Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, Халықаралық самбо федерациясының спорттық директоры Дмитрий Максимов, Қазақстан самбо федерациясының вице-президенті Тимур Қалиеков және Тәйімбет Көмекбаев атындағы қоғамдық қордың президенті Дүйсен Жақсығұловтар қатысты. 
Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен тұспа-тұс келген дәстүрлі боз кілем бәсекесіне биыл 20 жыл толып отыр. Осы аралықта бір Қармақшының өзінен 50-ден аса Қазақстан Республикасының спорт шебері және 6 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері шықты. Аталмыш бәсеке талай саңлактардын спорт әлеміндегі алғашқы баспалдағы болып, жеңіс тұғырынан көрінуге септігін тигізді. Биылғы мемориалға тұңғыш рет 28 мемлекеттен балуандар келіп отыр. Ал жылдағы дәстүр бойынша самбо белдесулері аякталғаннан кейин қатысушыларға төл өнеріміз қазақ күресін насихаттау мақсатында түйе балуандар белдесуі өтеді. Биыл бас жүлдеге Джип көлігі тігіліп отыр. Сонымен қатар жүлдеге ілінген екі балуанға да темір тұлпар беріледі. Және 4 орынға ие болған спортшыда қомақты қаржыны қанжығасына басады. Қазақ күресіне белдесу үшін балуандар міндетті түрде самбошылар сынында белдесу керек. Жарыстың басталуы 8 мамыр куни сағат 10.00-де, салтанатты ашылуы сағат 17.00-де болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: