Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Ордабасы», «Қайрат», «Ақтөбе» командаларының Еуропа лигасындағы қарсыластары анықталды

«Ордабасы», «Қайрат», «Ақтөбе» командаларының Еуропа лигасындағы қарсыластары анықталдыБүгін Швейцарияның Ньон қаласында еурокубок ойындарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Baq.kz . Чемпиондар лигасында бақ сынайтын «Астана» екінші кезеңде Словенияның «Марибор» клубымен бақ сынайды. Ал Еуропа лигасына қатысатын үш командамыздың қарсыластары төмендегідей.
«Қайрат» – «Црвена Звезда» (Сербия)
«Ақтөбе» – «Нымме Калью» (Эстония)
«Ордабасы» – «Бейтар» (Израиль).
Үш командамызда іріктеу кезеңдерін бірінші раундтан бастайды. «Ордабасы» мен «Ақтөбе» алғашқы ойындарын 2 шілде күні Қазақстанда бастаса, «Қайрат» сырт алаңда ойнады. Қарымта матчтар 9 шілде күнге жоспарланған.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: