Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді

Қызылордалық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді Атырауда Қазақстан Республикасының IV жазғы спартакиадасы аясында байдарка мен каноэде есуден өткен жарыста Қызылорда облысының спортшылары 8 жүлдені олжалады. Жерлестеріміз жарыс бағдарламасы бойынша бірлік пен екілікте сынға түсті.  
Атап айтсақ, 500 метр қашықтықта каноэ-екілік бәсекесінде Мерей Медетов пен Нұржан Рахимов спартакиада чемпионы атанды. Сондай-ақ, Мерей мен Нұржан 200 метр қашықтықта каноэ-екілікте екінші орынды иеленсе, Мерей  бірлік бәсекесінде 1000, 500 және 200 метр қашықтықты бағындырып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал Нұржан Рахимов 5000 метр қашықтықта Мерейдің жүлдесін қайталады. 1000 метр қашықтықта каноэ-екілік сайысында қос спортшы да қола жүлдені иеленді. 3000 метр қашықтықта қыздар арасында каноэ-бірлік бәсекесінде өнер көрсеткен  Айгүл Аталиева үшінші орынға ие болды.
Спортшыларды жарысқа байдарка мен каноэде есуден облыстың аға жаттықтырушысы Мұхитдин Миербеков пен жаттықтырушы Диана Хазиева дайындады.  



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: