Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасының матчында қызмет атқарады
Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің бірінші кезеңіндегі «Саксан» (Молдова) мен «Аполлон Лимассол» (Кипр) командаларының арасындағы матчқа Қазақстанның төрешілер тобы тағайындалды. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметі мәлім етті.
Кишиневте өтетін ойынның бас төрешісі талдықорғандық Денис Измайлов болмақ. Оның көмекшілері - Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау). Төртінші төреші - қарағандылық Артем Кучин.
Денис Измайлов өткен маусымда да Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің матчында қызмет атқарған еді. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) матчында жұмыс істеді. Бұл ойында Изамйлов төрешінің қосымша көмекшісі болды.
Еске сала кетейік, Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің алғашқы матчтары 2 шілдеде өтеді.