Қызылорданың «Байқоңыр» командасы қақпашы Шыңғыс Таңатқановты Петропавлдың «Қызыл-Жар» футбол клубына келісімшартқа берді.
Енді Таңатқанов «Қызыл-Жарда» осы маусымның соңына дейін ойнайтын болады. Айта кетейік, мұның алдында «Байқоңыр» командасы Шыңғыс Таңатқановпен келісімшартты екі жылға, яғни 2017 жылдың соңына дейін созған болатын.
Жалпы, Шыңғыс биыл «Байқоңыр» сапында Қазақстан Бірінші лигасы мен Қазақстан кубогын қосқанда барлығы тоғыз ойын өткізді.
Сондай-ақ, «Байқоңырдың» қатарына «Қайсар» футбол клубы қосалқы командасының ойыншысы Самат Балымбетов қосылды. ерлан Шойтымовтың командасында Балымбетов 37-нөмірде ойнайды.