Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан ескі қарсыластарымен тағы да жолықты

Қазақстан ескі қарсыластарымен тағы да жолықты2018 жылғы футболдан әлем біріншілігі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасы Е тобында сынға түсетін болды. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz хабарлады.
Жеребе тарту рәсімі Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткізілді. Аталмыш шара барысында Азиядан өзге құрлықтардағы іріктеу кезеңдерінің ойындары анықталды. Қазақстан бұдан бұрынғы жылдарда Армения, Польша, Даниямен ресми ойындарда кездескен еді. Ал Черногориямен жолдастық кездесу өткізді. Біздің футболшылар өз тобындағы Румыниямен өз тарихында алғаш рет жолығып отыр.

"А" тобы - Люксембург, Беларусь, Болгария,  Швеция, Франция, Нидерланд;
"В" тобы - Фарер аралдары, Латвия, Андорра, Венгрия, Швейцария, Португалия;
"С" тобы - Сан-Марино, Әзірбайжан, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Чехия, Германия;
"D" тобы - Грузия, Молдова, Ирландия, Сербия, Австрия, Уэльс;
"Е" тобы - Қазақстан, Армения, Черногория,  Польша, Дания, Румыния;
"F" тобы - Мальта, Литва, Словения, Шотландия, Словакия, Англия;
"G" тобы - Лихтштейн, Македония,  Израиль, Албания, Италия, Испания;
"Н" тобы -   Кипр, Эстония, Грекия, Босния және Герцеговина, Бельгия;
"І" тобы - Финляндия, Түркия, Украина, Исландия, Хорватия.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: