Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАСҰЛАН МОЛДАҚАРАЕВ: "ҚАЙСАРДЫҢ" ТӨМЕНГІ ЛИГАҒА ТҮСІП ҚАЛҒАНЫ ӨКІНІШТІ

ЖАСҰЛАН МОЛДАҚАРАЕВ: "ҚАЙСАРДЫҢ" ТӨМЕНГІ ЛИГАҒА ТҮСІП ҚАЛҒАНЫ ӨКІНІШТІ "Қайсар" футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Жасұлан Молдақараев біздің топтың әкімшілерімен тілдесті.
– Ассалаумағалейкум Жасұлан. 
– Уағалейкумассалам.
– "Оқжетпеспен" қанша жылдық келісім-шартқа қол қойдың?
– 1 жылдық келісім-шартқа қол қойдым. Яғни осы маусымның соңына дейін көкшетаулық команданың намысын қорғайтын боламын.
– Оқу-жаттығу жиыны қалай өтті? Команда қалай қарсы алды?
– Командаластарым жақсы қарсы алды. Жігіттерге рахмет. Жиынды айтар болсам, бәрі жақсы өтті, жолдастық кездесулер болды.
– Жолдастық кездесу демекші, бір ойында гол салдыңыз, бір ойында пенальти соға алмай қалдыңыз...
– Иә дәл солай. "Пахтакор" командасына қарсы ойында 11 метрден мүлт кеттім.
– Біздің туған командамыз биыл Бірінші лигада ойнайтын болады оған не дейсіз.
– Өте өкінішті әрине.
– Келер жылы "Қайсар" Премьер лигаға жолдама алса қайта ораласыз ба?
– Бірінші осы маусымды өткізіп алайық сосын көре жатармыз оны.
– "Қайсар" жанкүйерлері былтырғы өткен маусым үшін легионерлерге қатты ренжулі. Ал керісінше сізге көбісі риза, рахметін айтып сәттілік тілеп жатыр.
– Сіздерге де рахмет.
"Қайсар" ФК "В контакте" желісіндегі парақшасынан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: