Көкшетаудың "Оқжетпесі" Премьер-лигаға қайта оралды. Көкше өңірінің жігіттері сырт алаңда "Мақтарал" командасын 2:0 есебімен тізе бүктіргеннен кейін осындай табысқа қол жеткізді.
Екі голды да "Оқжетпес" сапынан Әлібек Бөлешов соқты. Алдымен тәжірибелі футболшы пенальти соқса, одан кейін алаң иелері қақпасын тағы бір мәрте бүлк еткізді.
Осылайша "Оқжетпес" екі жылдық үзілістен кейін Премьер-лиғаға қайта оралып отыр.