Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Көккесене

Көккесене - орта ғасырлардан сақталған сәулетті ескерткіштердің бірі. Сәулетті күмбез Сырдария өзенінің жағасына, қазіргі Қызылорда обл Төменарық темір жол торабынан солтүстікке қарай 5 шақырым, Сығанақтан оңтүстікке қарай 8 шақырым жерде тұрғызылған. 
Мамышбектің (Алып Мамыш, Алпамыс) жұбайы Баршын сұлудың (Гүлбаршын) қабіріне сажұқтар заманы сәулет өнерінің үлгісімен биік мұнаралы етіп салынған. Күйдірілген қыштан соғылған. Орыс зерттеушісі Аскольд Якубовскийдің көрсетуінше, ескерткіштің беткі жағында көлемі 25x25x5 см келетін қыштар жатқан. Кіре беріс есік (портал) ауқымының аман қалған бөлігінің айналымы - 6-5метр, биіктігі 4,36 метр. Қирап жатқан аумағының көлемі 110 метрді құраған, биіктігі 3,1 метр. 
Оңтүстік батыс жағында тағы бір кішілеу төмпешіктің ізі болған. Күмбездің астыңғы негізі берік етіп жасалып, оның үстіне бірінен-бірін биіктете үш барабан тұрғызылған. Ортадағы барабанды михраб түрінде қуыстап келтіріп, үстіне сүйір мұнара орнатқан. Күмбездің аркасын жебенің үшкір басына ұқсатып, екі иығын өрнекті бағаналармен көмкерген. Қабырғаларын Алаша хан күмбезі секілді қыштан кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қалаған. Көккесене күмбезі Қарахан мазарына өте ұқсас. Күмбезге таяу жерде Баршын сұлудың әкімшілік құрған астанасы Баршынкенттің қираған орны бар. Көккесене күмбезі шамамен 1914 жылы құлаған. Ескерткішке қатысты Жүсіпбек Басығарин, Есенгелді Қасымов, Иосиф Кастанье, Василий Бартолъд еңбектерінде тарихи мәліметтер сақталған. Мұнда Әбілхайыр тағы басқалардың сүйегі жатыр деген Василий Бартольд, Әбубәкір Диваев, Василий Каллаур, Иосиф Кастанье, Василий Якубовский, тағы бақалардың пікірлері бар.


Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: