Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Бабалар тыныс тапқан мекен

Төлегатай-Қылышты ата мазары Жаңақорған ауданы, Қыркеңсе ауылынан оңтүстікке қарай 7-8 шақырымда орналасқан. Кесене жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші қатарына жатады. Ұлттық  сәулет өнерінің озық үлгісі.
1970 жылдардағы кесененің түсірілген суреті арқылы сызбасын сызып, кесененің күмбезі, қасбетінде қос бағана болғандығын айқындаған. Қайта жаңғырту жұмыстары 2005 жылы 1 маусымда басталып, 2008 жылы 30 тамызда толық аяқталды. Сәулетші Бек Ыбыраев  қайта жаңғыртқан. Көне кесене жобасы аса шебер қолтаңбамен айшықталды. Қос күмбезді, төрт мұнаралы, сегіз сынтасты. Күмбезді құрылыс нысаны биік әрі еңселі, әдемі және ерекше пропорциялы.
Қылышты ата аруақты адам болған. Қылышты атаның әкесі Камаладдин Меккеден келіп Қырөзгент шаһарының патшасы Әбубәкір Сыдық ұрпағы Ілгімағзұмның қызына үйленеді. Содан көп кешікпей Меккеге қайтып келеді. Қылышты ата шеше ішінде қалып, өскенде аспаннан қылыш пен ақбоз ат түсіп мың бір бәлеге қарсы тұрған. Уәзірлері мен билері алдына келгенде қылыш күн сәулесіне шағылысып, қонған шыбын екіге бөлініп түсе берген. Онысы «Кімде-кім адал болмаса, осындай жаза алады» дегені екен. Міне, осыдан бастап Қылышты ата атанған.
Төлегатай (Төлек ата) –  Қылышты атаға өкіл бала болып тәрбиесін алып, қойын бағады. Бір күні Қылышты ата Төлегатайды сынау үшін аңдиды. Сөйтсе, сусыз құм ішінде  Төлегатай аса таяғымен жер сызып су шығарып, қой суарып жүр екен. Баланың жетілгенін біліп, өз қызын беріп күйеу бала етеді. Төлек атадан төрт ата Найман тарайды. Қылышты ата дүниеден өтерінде «менің қабатыма Төлекті қойыңдар, зияратқа келген адам бірінші Төлекке дұға оқып, сосын маған келсін» деген екен. Шындыққа жүгінгенде бүкіл Найман ұрпағының түп атасы – Төлегетай  екендігі негізделуде. Аңызға сүйенсек, көлікті адам көлігінен түсіп бабалар жатқан кесенеге зиярат етпесе, өзі немесе аты майып болған. Басына түнеп перзент тілегендер мен кеселденгендерге Алланың күшімен шипа беріп отырған.
Қазір кесене басына келіп, мінәжат етушілерге арналған үй және шырақшысы бар. Зиярат жасаушыларға барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Инфрақұрылым жүйелері толығымен қамтылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: