Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Алыпқорған қалашығы

Алыпқорған қалашығы Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25, Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан. 
Ескерткіш Қуандария және Жанадария өзендері алқаптарының арасындағы кең жазықтықта орналасқан. Қамалдың пішіні дұрыс төртбұрыш (57,5х57,5 м), бұрыштары дөңгеленген және биік тік қабырғалармен қоршалған. Қамалдың есігі оңтүстік қабырғасының ортасында орналасқан, бірақ қалажұрт ішінде құрылыс іздері табылмады. Қорғаныстық құрылыстары бар екі жақтағы қабырғаларында да екі жақтан қорғайтын және бұрыштық мұнарасыз қабырғалардың (ені 2,6 м) екі қабатында да көптеген сүйір атыс ойықтары бар және салыстырмалы түрде 6,5-7 м биіктікте жақсы сақталынған. Төменгі бөлігіндегі қабырғалар әрқайсысының биіктігі 1 м, ені 0,6 м екі қатар пахсалы блоктардан қаланған. Атыс ойықтары бар бөлігінен бастап тік төртбұрышты ірі күйдірілмеген кірпіштерден қаланған. Атыс ойыстарының қашықтығы 1,6-1,9 м, ең сүйір атыс ойықтарының биіктігі – 1 м. Қамал қабырғаларының (сыртық қабырғаның ені 2,2 м, ішкісі 1,2 м) арасындағы қорғаныстық құрылыс екі қабаттан құралуы мүмкін.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: