Үш жүзге пір болған Марал ишан (1780-1853) Қостанай өңірінде туылған, Қармақшы ауданында қайтыс болған. Керемет әулие болған кісі. Марал ишан 1820-1821 жылдарында орыс үкіметіне қарсы болып "ғазауат" соғысын ұйымдастырған. 1841-1845 жылдарда азаттық үшін күрескен хан Кенесары Қасымовтың ұрысына қолдау көрсеткендердің бірі.
Ишан мешіт салып бала оқытқан, үлкен діни қайраткер болған. Жоқшылықтың зардабын шеккен Марал ишанның балалық шағы Құланбай ишанның үйінде өтеді. Ишан да көзі қарақты кісі болса керек. Өзіне жетерлік байлығы да бар адам болған. Марал сол үйдің жалшылығында болып, малын бағып жүре береді. Оның пірі Жам тауының үңгіріндегі мешіт-медресесінің медресенің ғұламасы, атақты әулие Жалаңаяқ ишанның қарауына Марал, көп қалпенің бірі болып қабылданады. Оқуға зерек әрі Алла берген жеке басының қасиеті арқасында Марал шәкірттер арасында айрықша дараланып көзге түседі. Оқуын бітірген Марал ишан , бір күні 7 ізбасарларымен бірге бір байдың үйіне келеді. Үйге келсе хал үстінде жатқан келіншекті көреді. Өзінің Алла берген емшілік қасиетінің арқасында келіншекті аман-есен өлім аузынан алып қалады. Қуанған бай Марал ишанға өзінің сүйікті, Сарыбауыр атты арғымағын сыйға береді. Бірінші тапқан айлығын өзінің ұстазына бермек болып Жам тауына қарай айдап жібереді. Ұстазы риза болып, батасын береді.
Марал ишан 61 жасында дүние салған. Өмірінің жартысын ислам дінін бар ынта-жігерімен уағыздап, дінсіздікке, имансыздыққа қарсы күрес жүргізген білімдар адам. Сөйтіп, жергілікті халық бұл әулиені «Марал баба» деп атап кеткен. Діни-ғұлама Марал ишан халыққа шын ықыласымен берілген әулие кісі болған. Алла берген емшілік қасиетінің арқасында біршама халықты ауру-сырқатынан арылтқан. Тіпті, 10-15 жыл ауыр сырқаттанып жатқан адамдарды, ауруынан жазып, тұрғызып жіберген. Осы күнге дейін Марал ишанның мазарына зират етіп келушер әліде көп. Мазар басында халыққа барлық жағдай жасалған. Кесене қабір үстінде тұрғызылған күмбезді ескерткіш. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Кесене саз кесектен тұрғызылған. Жалпы аумағы 23х16,7х2,7 м болатын мазардың жоспары төртбұрышты, күмбезді кесене типтес. Кесененің оңтүстігінен 500 м жерде үлкен қорым орналасқан. Қорымда қам кесектен салынған 200-250 шамасындағы жерлеу құрылыстары бар, олардың он бесінің басына құлпытас қойылған. Құлпытастарға араб әліпбиінде эпитафиялар жазылған. 2018 жылы аудандық бюджет есебінен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. "Қазақстанның киелі жерлері географиясы" жобасы аясында "өңірлік қасиетті нысандар" тізіміне енгізілген.