Қосым қожа – үш жүзге Пір болған Мүсірәлі сопының кенже баласы. Шұғылай Жайсаңның кенже қызы, Жоңғар хонтайшысы Қалдан Цереннің балдызы Мәриямнан туған.
Мүсірәлінің бәйбішесі тоқалымен күндес болып, тоқалының әуелгі туған баласының басына ине тығып өлтіреді. Мұны бәйбішіден туған 13 жасар қыз көреді. Бірақ, үй-ішінің бірлігін сақтап, ешкімге айтпайды.
Тоқал екінші ұлын туғанда қыз әкесінің ақылымен бәйбішеге бермей өзі алып тәрбиелейді. Тоқал (Мәриям) бәйбішенің берген суынан не тамағынан уланып өледі. Қыз баланы белгісіз жерге апарып әкесінің ұлықсатымен тәрбиелейді. Сөйтіп, Қосым жігіт болады.
Мүсірәлі үш жүзге Пір болып Түркістаннан хан сарайына кетерде Қосымды Әлімнің Қаракесек тайпасының ішіне өзінің орнына Пір қойып кетеді. Қосымда әкесі сияқты айтулы әулие болады. Бірде қапа болған Қосқадам: «Әуелі Құдай, қалды, Қосым қожа. Софы Әзиз жар бола гөр, - деп төңкеріле тулап аққан дарияға аттың басын қойған екен. Әне-міне дегенше ат дариядан өте шығыпты. Арғы жағада мына керемет құбылысқа аң-таң болып есі шыққан хан баласы:
– Әй, Қосқадам, сенің піріңе менің берген садақам – деп астындағы атын ер-тоқымымен дарияға салып жіберіпті. Ол ат та бергі бетке өткен. Сәлтеке батыр Қосым қожамен қатар екен. Тап сол күні азанда Қосымның үйіне келіп:
– Әй, әулием 17 жыл қалмақтың қолында жатқан баламнан бір хабар алып бермедің ау, депті? Сонда Қосым: – Міне, хабар мынау! - деп иығында көгеріп қалған шылбырдың ізін көрсетті.
– Өзеннен өткіздім. Балаң бір жетіде үйіне келеді, - депті. Айтқандай сол жетінің аяғында Қосқадам Қарақұм ел-халыққа аман-сау қосылып, туыстары үлкен қуанышқа кенеліпті. Қосқадам амандық-саулықтан соң, әкесінің алдына Шегір ханның басын домалатып жіберіпті. Ертеңіне әулие Қосым атасының аулына аттанып, қалмақ арғымағы мен өз атын баба босағасына байлапты.
Сартай – Әлімнің Жақайым аталығының белді биі болған. Хан сайланар кезінде үлкен дау, талас туыпты. Әулиеге боз қасқасын айтып ер тұрманымен арғымақ ат босағасына байлапты. Пірінен бата алған соң сол жылы хан сайланыпты. Өлерінде: «Мені атам Қосымның әруағы қолдады. Өлгенде де сол кісінің қасына, жақын жерге қойыңдар»,-деп өсиет қалдырыпты.
Әр аптаның бейсенбі, жұма күндері Қосым әулие мен машайық Әбжал бабаның басында халық толы болады. Біреуге бала, біреуге денсаулық қажет. Ал, есінен зарыққандардың қалыпқа келгенін көргенде әулие шарапатына тәнті боласын. Қосым қожаның бейіті Қазалы ауданы орталыңы Әйтеке би кентінен 70 шақырымдай қашықтықта Қуаңдарияға жақын жерде орналасқан.
Еркебулан ЕЛЕУОВ,
Қызылорда облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау
мекемесінің қызметкері