Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Келінтөбе атауы қайдан шықты?

Сырдария өзенінің сол жағалауында, сарсазан, қамыс, құрақ өскен сұр, сортаңды сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан. Іргесі 1964 ж. Түгіскен алқабын игеруге байланысты Келінтөбе каналын (Зұлпыхар Мұсаханов атындағы) салу кезінде қаланды. 1964 – 1997 жылдары күріш өсіретін “Келінтөбе” кеңшарының орталығы болды. 

1997 жылдан ауылда 28 шаруа қожалығы құрылған. Орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ауданнан 70 шақырым жатыр. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді. 
Келінтөбе ауылында жекешелендіру кезінде қатты бөлінушілік орын алып, қазір елді мекен тұрғындары 100-ден астам шаруа қожалығына бөлініп жұмыс жасап жатыр. 
Осы Келінтөбе ауылының атауы көпшілікті қызықтыратындығы анық. Қайдан шыққан атау? Не үшін «Келінтөбе»? Міне, атауына байланысты бірнеше сұрақтар бар. Кез келген жердің атауы сол жердегі тарихи оқиғамен байланысты екендігін жақсы білеміз. Көбіне, есте қаларлық оқиғаға байланысты атау да қойылады. Жер-су атаулары халық қазынасы, өткен өмірінің айнасы. Тіпті, жер-су атаулары – жеріміздің жазбаша тарихы. 
Ендігі ретте «Келінтөбе» атауына байланысты аңызға құлақ түріп көрейік. 
«Ілкі заманда қазақ даласына калмақ шапқан деседі. Ер аза­маттар жау қолынан өліп, ел еңсесі түседі, сол кезде ел ішінде Ақшабақ есімді келіншек бар екен. Қауым елді ақылмен бастайды. Қашқан ел Қаратаудан асып, Сырға жетеді. Сыр жағасындағы қалың тоғайға кіріп, қалмақ қолын адастырып кетеді. Әлгі келіншек дариядан өтіп, аз күн тынышталған елге: «Кетпен ұстауға жарайтын жұрт топырақ тасып төбе үйсін, төбе басына шыққанда дарияның арғы басы көрінетін болсын!»- дейді. Ел екі етпейді, төбені үйеді. Келіншек күнде өрмелеп төбе басына шығып қарауыл қарайды. Келе жатқан жауды күншілік жерден таниды екен. Жау төбесі көрінсе, ауылға хабар қылады да, жұрт тоғайға сіңіп құтыла берген. 
Осыдан кейін Ақшабақтың есімі, беделі ен далаға жайылып, халықтың оған деген құрметі үдей түседі. Осы мекенде диханшылық дәуірлеп, ел тып- тыныш мамыражай заман кешкен. Бір күндері қырағы келіншекті бүйі шағып өледі. Жұрт оны ардақтап, арулап осы төбеге көмген екен. Содан бұл төбе «Келінтөбе» аталып кетіпті».
Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: