Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

ЖАҢАҚОРҒАНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСТЫЖаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемовтің аудан тұрғандарымен есептік кездесуі аудандық мәдениет үйінде өтті. Аудан әкімінің есептік кездесуіне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ысқақов Қуанышбек Досмайылұлы қатысты.
Аудан басшысы өз хабарламасында 2015 жылдың ауданымыз үшін табысты жыл болғандығын, әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы бойынша облыста жетекші орындардан көрінгендігін атап өтті. Сондай- ақ, жаһандық және республикадағы қаржылық дағдарысқа қарамастан аймақ басшысының қолдауымен ауданда бірқатар инвестициялық жобалардың іске асырылғандығын сөз етті. 
«Өткен жылы жобалық құны 6 млрд 128 млн 265 мың теңге болатын Талап және Сырдария топтық су құбырының құрылыс басталды. Бұл жобаларды іске асырудың нәтижесінде 28 елді мекен тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Талап, Аққұм бекеттері және Кейден елді мекені топтық су құбырына былтыр қосылса, 2016 жылдың соңына дейін Манап, Бесарық ауылдары және Кеңес елді мекені қосылатын болады. Қалған елді мекендер 2017- 2019 жылдар аралығында кезең- кезеңімен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. 
Ал облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында келесі жылы қолға алынатын газдандыру жобасы мерзімінен бұрын биыл басталды. Осы мақсатта «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы Қызылорда өндірістік филиалы облыс бойынша жобалық құны 23,5 млрд теңгенің құрылыс- монтаж жұмыстарын барша қарқынды жүргізуде. Оның 3 млрд теңгеге жуығы біздің ауданның үлесінде. Басқа аудандардан жұмысты 1,5 ай кеш бастасақта, Жаңақорған кенті орталығына жоспарланған 283,4 шақырым газ құбырының 283,2 шақырымы жүргізілді. Кент ішіндегі газ тарату құбырлары мен 27 дана ШГРП орнатылған. 10 ШГРП пайдалануға берілді. Мұнан өзге 10 ШГРП сынамалық байқаудан өткізілуде. Ал 17 тұрмысы төмен отбасыларына бюджеттен тыс қаржы көздерінен 2 млн 500 мың теңгеге ілеспе газ жүйесі орнатылды. 
Жалпы, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда; өнеркәсіп өнімдері- 148,0%, құрылыс жұмыстары – 128,8%, тұрғын үй құрылысы- 108,4% құраған. Демек, қалыптасып отырған күрделі жағдайларға қарамастан, бізде өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуында ілгерілеушілік бар»,- деп атап өтті аудан әкімі Руслан Рүстемұлы. 
Айта кетерлігі, кездесу барысында қоғамдық көлік, тұрғын үй шаруашылығы, жол құрылысы және жөндеу жұмыстары, абаттандыру, таза ауыз су мәселелері аудан тұрғындары тарапынан жиі көтерілген мәселелердің бірі болды. Кездесу соңынан аудан тұрғындары жүзеге асырылып жатқан ізгілікті істерге ризашылықтарын білдіріп, аудан әкімінің бір жылдық есебіне оң бағасын берді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: