Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛ АУДАНЫНДА ПОЛИМЕР ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

АРАЛ АУДАНЫНДА ПОЛИМЕР ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫҚызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтің халықпен есепті кездесуінде телекөпір арқылы Арал ауданында полимер цехы іске қосылды. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі.
Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Арал ауданында «техникалық тұз өндірісін ұлғайту» жобасы іске асып отыр. Жобаға екі жарым миллиард теңгенің үстінде инвестиция салынды және дүниежүзі бойынша тұз өндіруге арналған ең жақсы, испаниялық («Construcciones Mecanicas J.SERRA, S.A.») құрал-жабдық алынды. 
Бұған дейін зауыт өнімділігі жылына 120,0 мың. тонна болса, жаңа зауытты іске қосу арқылы өнімділікті 1,7 есеге ұлғайтуға мүмкіндік алды. Бұрын «Арал тұз» ішкі нарықта ас тұзының 70 пайызын қамтыса, жаңа зауытты іске қосу арқылы ол үлес 90% дейін жетті. Сәйкесінше, сыртқы нарықтағы үлес те ұлғаюда. Жаңадан 300-ден астам жұмыс орнын құру көзделген, қазір соның 150-уі құрылып, зауытта барлығы 800-ден аса жұмысшы қызмет атқаруда. 
Сонымен бірге, кәсіпорын химия өнеркәсібін дамыту мақсатында құны 220 млн. доллар құрайтын кальцийлендірілген сода және кір жуғыш ұнтақ шығару жобаларын жоспарлауда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: