Қызылорда облыстық оқу-әдістемелік орталығында мектеп тәлімгерлеріне арналған «Балаларға дәстүрлі халық мәдениеті мен көркем кәсіп арқылы патриоттық тәрбие беру» тақырыбында семинар өтті.
Басқосуға облыс бойынша 50-ден аса тәлімгерлер қатысты. Семинар барысында тәлімгерлер Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған және Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай түрлі тақырыптарда өз жұмыстары мен жоспарларын ұсынды, делінген оқу орталығының хабарламасында.
Сонымен қатар, мектеп тәлімгерлері балаларға дәстүрлі халық мәдениеті мен көркем кәсіп арқылы патриоттық тәрбие беру бағытында түрлі тренингтер көрсетті. Алдағы уақытта аталған шаралар балалар ұйымдарында мерекелік шаралаға ұласып, балалар бойында үлгілі дағдылар қалыптастырады.