Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АРАЛДА АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫАрал ауданы әкімінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 82-ө санды өкімімен аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы лауазымына Жолаева Жеңіскүл Стаханқызы тағайындалды.
Ж.Жолаева  1977 жылы 9 мамырда Арал қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1994 жылы Н. Крупская атындағы № 14 орта мектебін алтын медальмен бітірген. 1998 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған. Қосымша 2012 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын, 1999-2000 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі жетекші маманы болып бастаған. 2000-2013 жылдар аралығында Арал ауданы әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарған. 
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Арал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы болып қызмет атқарып келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: