» » ОРТАПЕДИКАЛЫҚ ТРЕНАЖЕР САУЫҚТЫРУ ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

ОРТАПЕДИКАЛЫҚ ТРЕНАЖЕР САУЫҚТЫРУ ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

ОРТАПЕДИКАЛЫҚ ТРЕНАЖЕР САУЫҚТЫРУ ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ

 

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 Пайдалы іс» Республикалық акциясы аясында облыстық комиссия мүшелері Жаңақорған ауданында болып, бірқатар медициналық ұйымдардың жұмысымен танысты. 
Облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Б.Үмбетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Қожарипова ауданға сапары барысында бір мезетте 250 науқасты қабылдауға арналған жаңа емхана құрылысының жүргізілу барысын көріп, аудандық денсаулық сақтау саласының мұражайында болды. 
Мұнан кейін, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының жаңадан ашылған неврологиялық науқасы бар балаларға арналған бөлімшенің жұмыс барысымен танысты. Шара барысында комиссия мүшелері бөлімшеге 2,5 млн теңгенің «Ортапедикалық тренажер» сауықтыру жабдықтарын табыс етті. Сонымен қатар балаларға мерекеге орай сыйлықтар таратты.
P/s: Жаңақорған ауданында 80 мыңнан астам халық тұрса, оның 27 мыңнан астамы 14 жасқа дейінгі балалар. Жыл сайын аудан бойынша орта есеппен 2200 бала дүниеге келеді. Жаңақорған аудандық ауруханасы 200 төсек орынға, соның ішінде 30 балаларға арналған жұқпалы аурулар, 20 төсектік балалар бөлімшелері бар. Ал аудан бойынша 247 бала неврологиялық дертке шалдыққан. Олардың жүйелі түрде ем қабылдауы үшін аудандық ауруханадан биылғы жылы 8 төсек орынға арналған бөлімше ашылды. Мақсаты – аудандағы науқас балалардың облыс немесе республика орталықтарына барып ем қабылдауларын азайтып, олардың үздіксіз ем қабылдауына жағдай туғызу.