Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ТӘУЕЛСІЗДІК - ТІРЕГІМ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

 

 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әлеуметтік желі қолданушылары арасында
«ТӘУЕЛСІЗДІК - ТІРЕГІМ»
атты облыстық байқауы
 ЕРЕЖЕСІ


І. Жалпы ережелер
1.1. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - тірегім» мотиватор жасау байқауын (бұдан әрі – байқау) Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Медиа Жұлдыз» ҚҚ өткізеді.
ІІ. Байқаудың мақсаты мен міндеті: 
2.1. Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық  дамуын және Қызылорда облысының мәдени-тарихи мұрасын, табиғи ерекшеліктерін, жаңа даму үрдістерін бейнелейтін үздік мотиваторларды анықтау;
2.2 Ел дамуының  жаңа бағытына   қоғамның көңілін аудару;   
2.3.Облыстың оң   имиджін  қалыптастыруына, туристік  қызметтерінің   нарығында, сондай-ақ  ықтималды  перспективалық  ішкі  туризмінің дамуына ықпал жасау.
2.2. Байқаудың міндеті:
- Облыс тұрғындарының бойында отаншылдық сезімдерін қалыптастыру, ширек ғасыр толған Қазақ елінің жетістігін кеңінен насихаттау; 
- әлеуметтік желі қолданушыларының әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық позициясын қалыптастыру;
- қоғамдық келісімді, қазақстандық патриотизмді  нығайтуға ықпал жасау;
ІІІ. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі
3.1. Байқау осы Ереже жарияланған күннен басталады. 
3.2. Байқауға жіберілген мотиваторлар 2016 жылдың 18 қарашасы  мен 1 желтоқсан аралығында  қабылданады.
3.4. Әрбір байқауға қатысушы мекен-жайын және телефон нөмірін көрсеткен мәлімдемесін дайындап, сондай-ақ жеке куәлігінің көшірмесін тапсырады.
3.5.Өтініштер мен байқау жұмыстары «Мотиватор жасау байқауына» деген белгімен  media_zhuldyz@mail.ru электронды почтасына жолдануы қажет. 
3.6. Байқау жұмыстары байқаудан кейін рецензияланбайды және  қайтарылмайды
IV. Байқаудың шарттары
4.1. Байқауға облысымызда тұратын әлеуметтік желі қолданушылары яғни, заңды , жеке  тұлғалар, авторлық  ұжымдар қатыса алады;
4.2. Мотиватор назар аударта алатындай тартымды, қарапайым түсінікті бейне болуы тиіс;
4.3.Мотиватор бұрын жарияланбаған болуы қажет;
4.4.Бейне айқын, кез келген өлшемде түсінікті, әртүрлі  немесе ақ және қара түсті үлгіде болуы шарт
4.6.Орналастырудың тік және көлденең үлгісіне үйлесуі тиіс
4.7. Күрделі бөлшектер мен түсініксіз пішіндер/компоненттер болмауы керек.
4.8. Конкурс кезінде қарау үшін, мотиватор  JPEG пішімінде, 600dpi өлшемінен кем болмайтын кеңейтімде, сондай-ақ Corel  Draw немесе Adobe Illustrator бағдарламасының бастапқы векторлық пішімінде әзірленіп, толтырылған Өтініммен бірге электрондық поштамен, немесе электрондық тасымалдау құралына жазылып, толтырылған Өтініммен бірге осы Ережеде көрсетілген мекенжайға жіберілуі қажет.
Егер жұмыс айтылған техникалық талаптарға сай келмесе,онда оның байқауға қатысуына рұқсат етілмейді.    
V. Байқауды өткізу тәртібі және қорытындылау
5.1. Байқаудың ұйымдастыру жұмыстарын «Медиа Жұлдыз» қоғамдық қоры жүзеге асырады. 
5.2. Байқау материалдарын қарауға және номинациялар белгілеу үшін байқау комиссиясы құрылады. 
5.3. Байқау комиссиясы қатысушылардың жұмысын байқау тақырыбы бойынша бағалайды.
5.4. Байқауды қорытындылайтын және оны бекітетін байқау комиссиясы. Байқау комиссиясының әрбір мүшесі қарастырылған жұмыстар бойынша хаттама толтырады.
5.5. Байқаудың түпкілікті қорытындысы 2016 жылдың желтоқсанының алғашқы онкүндігінде өткізіледі.
5.6. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Мекен-жайы:
Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі н/з,
«Сыр Медиа» ЖШС ғимараты,
332 кабинет, «Медиа Жұлдыз» ҚҚ.
e-mail: media_zhuldyz@mail.ru
Байланыс тел.: +7747-817-49-28



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: