» » СЫР ӨҢІРІНДЕ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
 СЫР ӨҢІРІНДЕ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ДАМУЫ ҚАРҚЫНДЫ Аймақта 2016 жылы 48 нысанның құрылысы жүргізіліп, 25 нысан пайдалануға берілді. Қалған 23 нысан 2017 жылы елдің игілігіне айналады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы М. Әлсеріков мәлім етті.
Нақты айтқанда,  білім беру саласы бойынша 22 нысан,  денсаулық сақтау саласы бойынша 14 нысан, мәдениет саласы бойынша 3 нысанның құрылысы жүргізіліп ел игілігіне берілді. Спорт саласы бойынша Қызылорда қаласында Ғани Мұратбаев атындағы стадионның қосалқы алаңын қайта жаңғырту құрылысы жүргізілуде. 
Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау бойынша - Қызылорда қаласы Талсуат елді мекеніндегі 300 орындық жүйке аурулар интернат үйінің құрылысы құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. 2016  жылы облыста 80 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы бой көтерді. 
2015-2016 жылдары Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 1532 гектар аумақтың көше-жолдары мен инженерлік инфрақұрылымын дамытудың техника-экономикалық негіздемелері мен  сол жағалауды бекітудің жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бекітілді. Қазіргі уақытта мемлекет кепілдігін алу үшін ҚР Ұлттық экономика және қаржы министрліктерімен тиісті жұмыстар  жүргізілуде.