» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ӘСКЕРИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ӘСКЕРИ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРҒАНЫС МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КӨМЕКШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі лауазымына Тасжанов Ғалымжан Алтынбекұлы тағайындалды.
Ғ.Тасжанов 1977 жылы туылған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери академиясын және Санкт-Петербург қаласындағы Михайловск әскери-артиллериялық академиясын бітірген.
1995 жылдан бері әскери қызмет атқарып келеді.
2015 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қаласының қорғаныс істері басқармасының бастығы қызметін атқарып келді.