» » Сексеуіл кентінде мектеп мәселесі шешіледі

Сексеуіл кентінде мектеп мәселесі шешіледі

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов халық алдындағы есепті кездесуінде Сексеуіл кентінде жуық арада мектеп құрылысы басталатынын мәлімдеді.
"Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен қаржы бөлу мақсатында құны 800 млн.теңге құрайтын, 300 орындық білім ұясының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті министрлікке жолданды. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінген уақытта, мектеп құрылысын бастаймыз", - деді аймақ басшысы.
Айта кету кере, бұған дейін «Egemen Qazaqstan» газетінде Сексеуіл кентінде 360 бала күнделікті мектепке бару үшін 13 рельсті кесіп өтетіні туралы «Темір жолды жағалап топ бала жүр» атты мақала жарияланған болатын. Осыған орай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мәселені шешуді тапсырды.