Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалы ауданында Сырдария өзенінде мұз жүрді

Ауа райының күрт жылынуына байланысты Сырдария өзеніндегі мұз әр жерден үзіліп, «Қарлаң» учаскесіндегі қалқымалы көпірге тіреліп тұр. Сондықтан бүгін кешкілік бұл өткел уақытша алынып тасталды.
Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен «Қазалы Жолшы» ЖШС жұмысшылары мұзды көпірден өткізіп жіберуге жұмыс жасап жатыр.
«Бұл жұмыстар аяқталған соң көпір қайтадан қалпына келтірілетін болады. «Қарлаң» өткеліндегі жағдай тұрақты бақылауға алынған. Осыған сәйкес аудан тұрғындарынан бұл мәселеге байланысты түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деп мәлім етті Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: