Әнші Жазира Байырбекова халыққа өзінің қарапайым мінезімен танымал. Осы уақытқа дейін кілемді қолмен жуатынын көрсетіп, жұртты тамсандырған болатын. Бұл жолы ол әзілге негізделген суретін бөлісті.
Жазира отырыстардың бірінде әріптесі Құралайды көтермек болған екен. Алайда бұл қолынан келмеген-ді. "Кеше Жазира Құралайды көтеремін деп қиналып қалған сияқты”, – деп жазады сурет иесі. Бұл сурет желі қолданушыларының бірін күлдірсе, енді біріне жағымсыз әсер сыйлады. Олар мұны әбестікке балады.
"Құралай ханымға да, Жазираға да күшті жарасып тұр. Езіп, салмағын салмай отырғанынан әзіл екені түсінікті”, "Әзілдерің жарасып тұр”, "Оларға әзілдесуге болмай ма? "Ұят” дейтіндей соншама не істеп қойды?! Олар да өздерің сияқты адам. Ұят деп отырғандар өздерің де осылай жасайсыңдар ғой. Отырып алып жазғаннан басқа ешнәрсе білмейсіңдер. Жазира ханым, ұят ешнәрсесі жоқ”, "Бұл Құралайдай бала тапсын деген ырым ғой”, "Бәрі отырып Құралайға орын жетпей қалған сияқты ғой. Сосын Жазираның алдына отыра салған” деп жазады желі қолданушылары.