Диетолог артық салмақты азайтуға көмектесетін өнімді атады
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Алексей Ковальков қандай өнімдер артық салмақтан арылуға көмектесетінін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшының сөзінше, құрамында жасұнығы (клечатка) көп кебек сияқты өнімдерді тұтыну салмақты азайтуға көмектеседі. Ол күнделікті тағам ретімде жасұнықтың жеткілікті мөлшерін пайдалану адам бойында тоқтық сезім қалыптастыратынын атап өтті. Ал бұл өз кезегінде салмақтың төмендеуіне алып келеді.
Бұған қоса, Ковальков жасұнықтың жоғары мөлшері майдың қалыптасуын тежеп қана қоймай, ас қорыту процестерін қалыпқа келтіретінін, организмнен токсиндер мен артық заттарды ыдыратуға қатысатынын тілге тиек етті.
Диетологтың айтуынша, көмірсулары бар жасұнықты тұтыну пайдалы, ол қанттың сіңуін тежейді. Оның айтуынша, шоколадты бір уыс кебекпен жесеңіз, онда тәттідегі көмірсулардың ағзаға сіңуі шамамен 20%-ға төмендейді.