Қызылордада жыл басынан бері 799 адам коронавирус жұқтырған
Қызылорда облысы бойынша былтардан бері COVID-19 инфекциясының 4843 дерегі есепке алынды.
Барлық тіркелген жағдайлардың 50%-і ауру симптомдарымен, 50%-і клиникалық белгілерінсіз анықталған. Жыл басынан бері 1451 жағдай анықталса, соның басым көпшілігі сәуір айының 19 күнінде тіркеліп отыр-799 дерек.
Облыс бойынша КВИ жұқтыру бойынша тіркелген деректердің басым бөлігі, яғни 61%-і (2950) Қызылорда қаласының үлесінде. Аудандар кесімінде айтатын болсақ, Аралда–110 жағдай, Қазалыда - 97, Қармакшыда– 164, Жалағашта–115, Сырдарияда–193, Шиеліде–295, Жаңақорғанда–375 жағдай есепке алынған.