Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Анасы тастап кеткен: Павлодарда бір жасар бала аялдамадан табылды 

Павлодар облысында трамвай аялдамасынан табылған 1 жасар бүлдіршіннің анасының қайда екені анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 
Еске сала кетсек, кеше кешкі сағат 21:00 шамасында Павлодар қаласындағы трамвай аялдамадан кішкентай бала табылған еді.
"VITA Павлодар қаласының іздеушілері" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, оларға бүлдіршіннің әжесі қоңырау шалған. 
Еріктілер сол арқылы баланың анасын тауыпты. Бөбектің есімі - Батыр. 
Екатерина аялдамадан табылған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенін тілге тиек етті. 
"Біздің іздеуші жасақ Павлодар қаласының полиция қызметкерлерімен бірге әйелдің қайда екенін анықтап, тапты. Құрметті аналар! Қандай жағдай болса да, балаңызды мынадай суықта далаға дәл осылай тастап кетпеңіздер", - деді "VITA Павлодар қаласының іздеушілері" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. 

Бейнекөріністі мына жерден көруге болады.

Тағы бір бейнекөріністі мына жерден көруге болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: