Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚОЛӨНЕРШІ АТА КӘСІПТІ ДАМЫТЫП КЕЛЕДІ


Қырғызстаннан келген оралман Қарлығаш Ілясова Қызылорда қаласында қыз-келіншектерді ата кәсіпке баулып жүр. Қолөнерші аймақта жұмыссыздарды қайта даярлайтын орталықпен келісімге келген. Қазір жергілікті тұрғындарға Президент қызықққан «қызыл шапанды» қалай тігу керегін үйретіп жүр.
Қарлығаш 2007 жылы ата қонысқа көшіп келген. Сол жылы мемлекет тарапынан қолдау ретінде 400 мың тенге қаражат алыпты. Оған көне машина мен керек-жарақтарын алып, ұлттық киімдер тігуге кірісіп кеткен. Көп ұзамай балаларға дәріс беру тіралы кәсіби лицейден ұсыныс та түсіпті.
«ЭКСПО-ға да қатысып, сонда өз туындыларымды көрмеге қойған болатынмын. Елбасы көрмені аралау кезінде бархаттан жасалған қара қызыл бишпентті ұстап тұрып: «Мынау керемет нәрсе, осыны дамытуымыз керек» деген сөз мен үшін үлкен құрмет болды», дейді «Қарлығаш» қолөнер шеберлері орталығының басшысы Қарлығаш Ілиясова.
Өткен жылы Қарлығаш Қазақстан қолөнершілер Одағының облыстағы өкілдігін ашты. Зергерлік және қыштан жасалған бұйымдар, кілем, кәдесыйлар мен ұлттық нақыштағы киімдерді де осы жерден таба аласыз. Ол негізінен барқыттан тігеді. Бір бешпетті 50 мың теңгеге түсетінін айтады. Одан арзанға сату мүмкін емес деп отыр.
«Бізде мата шықпайды ғой. Ал, шикізатты, яғни тері, жүн болсын барлығын сырт елге жібереміз. Ал шетелдіктер біздің өз өнімімізді өзімізге қайта өңдеп, оны қымбатқа аламыз. Осы орайда шикізатты өзіміз өндіретін уақыт келді деп ойлаймын. Осыған аз да болса көңіл бөлінсе деп ойлаймын, - дейді Қарлығаш Ілиясова.
Жалпы «Еңбек» мемлекеттік бағдарлама аясында облыста жиырма оқу орталығы жұмыс жасайды. Былтыр жаңа мамандық иелерінің тоғыз жүзден астамы жұмыспен қамтылыпты. Биыл тағы мыңға жуық жұмыссыз қызылордалық жолдама алған.
«Қысқа мерзімдік кәсіптік оқу бағдарламасы аясында жұмыссыз азаматтар үшін оқу тегін. Оқу мерзімдері бір айдан алты айға дейін. Осы оқу мерзімінде олар шәкіртақы алады және де алыс ауылдардан келіп оқып жүрген кісілер болса, олар өздерінің жол ақысы мен өтемақы алып отырады. Орталықтарда жұмыссыздар өзі қалаған мамандықты оқып, үйрене алады. Аспазшы, дәнекерлеуші, тігінші ғана емес, сонымен бірге, есепші мамандығын толық игеріп шығуға мүмкіндік бар», - дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жанна Сқақова.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: