Елімізде нашақорлықпен айналысатындардың саны азаяр емес. Қызылорда облысының полиция қызметкерлеріне Тасбөгет кентінің тұрғыны К.-есімді азаматтың есірткімен айналысып жүргендігі жөнінде ақпарат түседі.
Облыстық сотының баспасөз қызметінің хабаралуынша, ОІІД-нің қызметкері бүркеншік есіммен сатып алушы ретінде кездесу ұйымдастырады. Кездесу барысында К. өзінде есірткі заты жоқ екенін айтып, танысы Ч.-ны шақырады. Танысы Ч. 21,63 грамм болатын марихуананы КУПС саяжайының тұрғыны А.-дан бір стакан марихуана есірткі затын сатып алады.
Ал, сотталушы А. есірткі сату барысында ОІІД-не ұсталады.Сот сотталушы А.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 259-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.