Өңірдегі елді мекендерде 13,9 шақырым жол жөнделеді
Қызылорда облысында жолдың сапасын жақсартудың «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы арқылы ауылдарда көшелер жөнделеді.
Бағдарлама арқылы биыл бірнеше ауылдардың көшелерін қайта жаңарту үшін бюджеттен 1 350,9 млн.теңге қаржы бөлінген. Бұл қаржыға 13,9 шақырым жол жөнделмек. Мәселен, Арал қаласында 5 ірі көше қайта жаңартылады. Атап айтқанда, Арал қаласындағы С.Сәдібеков, Т.Палуан, Қ.Дәрібаев, О.Жандосов көшесі және Ж.Саин көшелерінің автомобиль жолдары қайта жаңартылады. Сондай-ақ, Арал қаласындағы Әйтеке би көшесінің автомобиль жолын салу жұмыстары жүргізіледі.
Мұнан бөлек, Қазалы қаласындағы көшелердің автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары басталады.
Өңірде «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы қайта жалғасады. Өткен жылы 8 елді мекенде 60 инвестициялық жоба қабылданып, ауыл-ауылдарда жол жөнделген.
Нәтижесінде 3278 тұрғын үйге сервистік су желісі жүргізіліп, 23,2 шақырым ауылішілік көшелер жарық орнатылып, 68,6 шақырым көше жөндеуден өткен. Ал, биылғы жылы республикалық бюджеттен 9 жобаға қаржы бөлініп, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш аудандарының елді мекендегі көшелер жаңғыртылады.