Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада сол жағалауда көлік айрығы салынады

Бүгін «Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович Сыр еліне жұмыс сапарымен келді.  
А.Белович осы сапарында Қызылорда қаласындағы бірнеше құрылыс жобаларымен танысты. 
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен «Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович алдымен «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бас көше жолының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автотрассасымен жанасатын жерінде көлік айрығын салу» жобасын көрді. Құрылыстың бас мердігері –  "Bazis Construction" ЖШС. Жоба құны 4 млрд. 274,941 млн. теңгені құрайды. Жол айрықтың құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарланған. Өңір басшысы мен мәртебелі мейман көлік айрығының іргетасын қалап, құрылыс жұмысына сәттілік тіледі.
Мұнан соң Г.Әбдіқалықова мен А.Белович «Рухани жаңғыру» орталығына барып, сол жағалауда салынатын «Гүл бульвары» жобасымен танысты. Аталған жоба тұрғындардың демалысы мен серуендеуіне арналған. Барлығы 12 га аумақта сәулеттік фигуралар, түрлі түсті композиция, балалар және ойын алаңдары, субұрқақ, велосипед, ролик үшін алаңдар орналасады деп жоспарланған. 
"Қорқыт ата" әуежайының терминалын реконструкциялау және кеңейту» жобасы да аймақ басшысы мен «Bazis А» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасыyың назарына ұсынылды. Жоба құны 1,5 млрд. теңге, құрылыстың аяқталу мерзімі 2022 жыл деп жоспарланған. Терминал толық іске қосылғанда сағатына 150 жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті болмақ.   


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: