Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңақорғанда кәсіпкерлік деңгейі өрістеп келеді

Жаңақорған ауданы бірінші жарты жылдықты табысты түйіндеді. Ағымдағы жылдың 6 айында аудан бюджеті 21,1 млрд. теңге болып, игерілу көрсеткіші 100 пайызды құраған. 
Өңірде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 22,1 млрд. теңгені құрап, облыстағы пайыздық үлесі 27,7-ге жетті. Ауданда кәсіпкерлік субъектілерінің саны да артқан. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов мәлімдеді.
Енді ауданда кәсіпкерлік мақсаттағы жер учаскелерін жеке меншік және жалдау құқығымен табыстау үшін сауда саттық жүргізу электронды форматта жүзеге аспақ. Аудан әкімінің айтуынша бұл процесті өткізуге дайындық жұмыстары жоғары  деңгейде жалғасуда.
«Біз бұл жұмыстарды жасау арқылы бірінші кезекте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын аламыз, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етеміз, әрі аудан бюджетіне қосымша қаржы түсіретін боламыз. Олай дейтінім алдыңғы уақытта хабарландыру тек аудандық газетте беріліп, таралу ауқымы тар болатын. Ал, электронды сауда – саттыққа көшкен уақытта хабарландыруды еліміздің барлық өңірінде көруге болады», - деді Р.Рүстемұлы.
Жыл басына дейін ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің 5640 субъектісі   тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 16,9 пайызға артқан. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында 423  жобаға барлық қаржы көздерінен 1 млрд. 164 млн. теңге қаржы тартылды. Құрылыс көлемі де 1,7 млрд. теңгеге жуықтап, 2,5 пайызға өсім алған. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10,1 млрд.-қа жетіп, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда  167,5 пайызға орындалған. Бұл облысқа тартылған инвестицияның 9,7 пайызын құрайды. 
Брифингте Руслан Рүстемұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен қатар алда атқарылар жұмыстарды  да атап өтті. Мәселен ағымдағы жылы ауданда 60,4 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары орташа жөндеуден өтеді. Жаңақорған кентіндегі 600, МАИ бекетіндегі 300 орындық мектептер мен Жаңарықтағы дәрігерлік амбулатроияны пайдалануға беру жыл жоспарына енген жобалар қатарында.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: