Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылорда облысында полицияға 97 жасөспірім жеткізілді

Қызылорда облысында “Балалар түнгі қалада” рейдтік іс-шарасы барысында полицияға 97 жасөспірім жеткізілді.
Облыс көлемінде кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында және кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау мақсатында 16-18 қыркүйек аралығында рейдтік іс-шара өткізілді.
Полиция органдарына барлығы 97 кәмелетке толмаған жеткізілсе, оның ішінде 76 кәмелетке толмағанға әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін, ал қалған 12 қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін әкелінді. Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 4 ата-анаға хаттама толтырылды. 
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша барлығы 72 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 4 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: