Қызылорда қаласы ПБ Ақсай полиция бөліміне қала тұрғыны ұрлық дерегі бойынша арызданған.
Белгісіз біреу дүкен ішінде касса жанында тұрған «Huawei»үлгісіндегі ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері ізін суытпай 41 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ұрланған зат иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.