Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті артады

Биыл облыста ауыл шаруашылығы саласында оң қарқын қалыптасты. Дәлірек айтқанда, осы жылы 188,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, одан жиналған өнім көлемі ұлғайды.


Ал  басты дақыл – күріш 78,6 мың гектар жерге егіліп, одан 444,8 мың тонна өнім жиналды. Сонымен қатар облыста  өндіріс санын ұлғайту үшін инвесторларды тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Атап айтқанда, Түркия елінің компаниясымен бірлесіп, облыста жылына 24 мың тонна қызанақ пастасын дайындайтын зауыт салу қолға алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға басымдық беру керектігін айтқан болатын. Бүгінде аймақта ауыл шаруашылығы саласын тұрақты дамыту бағытында барлық мүмкіндіктер қолға алынуда. Мәселен, биыл су тапшылығына қарамастан мемлекеттік қолдаудың арқасында салада 171,4 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім көрсеткіші 0,3 пайызға өссе, тамақ өнімдерін өңдеу көрсеткіші 8,3 пайызға артты. Сонымен қатар, соңғы жылдары аймақтың экспорттық әлеуеті де ұлғайып келеді. Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін алыс-жақын шет елдерге экспорттау өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға өсті. Су тапшылығына  байланысты күріш көлемі
5,0 мың гектарға қысқартылып, орнына суды аз қажет ететін дақылдар 7,3 мың гектарға орналастырылды. Жүгері дақылының егіс көлемі жыл сайын артуда. Осыған сәйкес, жүгері дақылынан консервіленген өнімдер шығарылатын болады. Бұдан бөлек, көкөніс және бақша өнімдерінен балаларға арналған тағамдар мен шырындар  шығару жоспарлануда. Осылайша облыста күріштен басқа өндірілген өнім түрлерін нарықта көбейтетін боламыз.  Сондай-ақ, аймақта мал шаруашылығын дамытуға бағытталған қолдаулардың нәтижесінде төрт түлік мал басы  өсіп, өнім өндіру тұрақты ұлғаюда. Атап айтқанда, биыл мүйізді ірі қара - 7,9 пайызға, қой мен ешкі - 4,4 пайызға, жылқы - 16,5 пайызға, түйе - 7.0 пайызға, құс - 1,7 пайызға көбейді. Ал ет өнімі - 2,1 пайызға, сүт - 1,4 пайызға және жұмыртқа - 2,2 пайызға артты. Алдағы жылы Қармақшы ауданында қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы мен Жаңақорған ауданында қуаттылығы жылына 3500 тонналық құс фабрикасы іске қосылады, - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: