Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері «Охотзоопром» ӨБ РМҚК мамандарымен бірлесіп жүргізген рейдтік шолу жұмыстары барысында заңсыз аң аулағандарды қолға түсірді.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Сырдария ауданына қарасты Тасбұлақ елді мекенінде кетіп бара жатқан «УАЗ» маркалы және «Тойота» маркалы автокөліктерді тоқтатады. Автокөліктерді тексеру барысында «УАЗ» үлгісіндегі автокөліктің жүк салғышынан бірнеше дана киік аңының денесі мен 12 дана киік аңының мүйіздері табылды. Сонымен қатар, автокөліктердің салонынан 2 аңшы мылтығы оқтарымен айғақ зат ретінде алынды.
Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша Қызылорда ОІІД Анықтау басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз алу, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау немесе жою) және 337-бабының 3-бөлігіне сәйкес (жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау және бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет) қылмыстық іс қоғалып, тиісті сараптама жұмыстары тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.