Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полиция инспекторы бүлдіршінді судан құтқарды

Полиция инспекторы бүлдіршінді судан құтқардыАғымдағы жылдың мамыр айында Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы  полиция лейтенанты Меделхан Абдреймов абайсызда суға құлап, тұншығып жатырған кішкентай қызды құтқарды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2015 жылдың 20 мамыры күні түскі сағат 13.00-дерде орын алған. Аудан орталығында орналасқан Жастар саябағының жанынан өтіп бара жатып, кішкентай балалардың қарбаласа жүгіріп жүргенін байқайды. Дереу сол бағытқа қарай жүгіріп, биіктігі екі метр болатын темір шарбақтан аттап өтіп, хауызға жеткен кезде жантая су түбіне кетіп бара жатқан сәбидің денесін көреді. Ол еш ойланбастан киімшең суға секіріп түсіп, батып бара жатқан сәбиді сыртқа алып шығады. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.
Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жасөспірімнің №250 мектеп-лицейінің даярлық тобының  шәкірті екендігі анықталды. Жасөспірімнің қал-жағдайы қанағаттарлық деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: