Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арал ауданында 232 келі сора өсімдігі тәркіленді

Арал ауданында 232 келі сора өсімдігі тәркілендіҚызылорда облысының ішкі істер департаменті мен Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде тағы бір есірткі алқабы анықталды.
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тамыз айының басында сағат 19:04 шамасында аумаққа барлау жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Арал ауданы, Жіңішкеқұм елдімекені мен Қарақұм елдімекендерінің аралығындағы құмдардың арасында есірткі алқабында егіп-баптау жұмыстарымен айналысып жатқан 26 жастағы және 19 жастағы Байқоңыр қаласының екі тұрғынын ұстады. Тексеру барысында, аталған азаматтар жалпы салмағы 232 кг. 96 грамды құрайтын  416 түп сора өсімдігін ірі мөлшерде өсіргендігі анықталды. Анықталған 416 түп сора өсімдігінің 396 түбі өртеу жолымен жойылса, 20 дана түбі сот-сараптамалық тексеріске жолданды.
Сонымен қатар, аталған аумақта орналасқан күркеден 31 түп кептірілген жасыл түсті өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат және сора өсімдігінің тұқымы, құрал-саймандар айғақ зат ретінде алынды.
Қазіргі уақытта, сезіктілер уақытша ұстау абақтасына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айта кетерлік жағдай, жыл басынан бері Қызылорда ОІІД Есіркі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен есірткіні заңсыз егу, тасымалдау, өткізу деректері бойынша 167 қылмыстық іс-әрекет анықталып, заңсыз айналымнан 45 кг. 907 гр. есірткі құралдары тәркіленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: