Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Бірлескен мәжіліс отырысы өтті

Бірлескен мәжіліс отырысы өттіАудан әкімдігінің мәжіліс залында «Жаңақорған ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері мен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың және нашақорлық штабының» бірлескен мәжіліс отырысы болып өтті.
Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Ыдырысов төрағалық етті. Күн тәртібінде Жаңақорған және Шалхия кенттерінде қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты қабылданған шаралар, атқарылған жұмыстар, аудан көлемінде жол- көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін сақтау бағытында атқарлып жатқан шаралар және аудан көлемінде орта, арнаулы оқу орындарының оқушы, студенттер арасында есірткіге қарсы тақырыбында атқарылған жұмыстар мәселесі қаралды. Аталмыш мәселелер бойынша Жаңақорған кент әкімі Қ.Сапарбаев, Шалхия кентінің әкімі Р.Шайхаттарова, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Ғ.Нағиев және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ж.Дюсенбаева баяндама жасады. Соңынан жастардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мәдени іс- шаралардың сапасын арттыру бағытында тиісті шаралар қабылданып, аудандық ішкі саясат бөлімімен бірлесіп «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы аясында атқарылған жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталса деген ұсыныс айтылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: