Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАУЫН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

 ҚАУЫН ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІҚызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ, қала және аудан әкімдіктері бірлесіп қауын шаруашылығын дамыту жоспарын әзірлеуде. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО-ның брифингінде Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш ҒЗИ-дің бөлім басшысы Валентин Тян мәлімдеді.
Жоспарда егістік көлемін ұлғайту, өнімділікті арттыру, қауын егуде инновациялық дақылдарды пайдалану, зиянкестерге қарсы күресті күшейту қарастырылған. Одан бөлек, қауын өңдейтін цехтар, қабылдайтын пунктер ашу – күн тәртібінде.
- Топырақ пен климатының қолайлылығының арқасында торлама, қалайсан, күләбілер дәмділігімен «Қызылорда қауыны» деген атақ алды, - деді Валентин Тян.
Бірақ соңғы жылдары бақша дақылына қырғидай тиген зиянкес пайда болды. Қауын шыбыны бірінші рет он жыл бұрын Қармақшы ауданының Тұрмағанбетов ауылында тіркелді. Бүгінге дейін ол алты ауданға, облыс орталығына тарап үлгерді.
- Фенологиялық зерттеу нәтижесіне сәйкес қазіргі күні министрлікте зиянкеспен күрес әдістемесі дайындалуда. Ғылыми зерттеу жұмыстары кешенді түрде жүргізіле береді, - деді брифингте ҚР АШМ Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы Жанар Дүзелбаева.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: