Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ТАСЫМАЛ САЛАСЫНДА ТАЛАП САҚТАМАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

ТАСЫМАЛ САЛАСЫНДА ТАЛАП САҚТАМАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫОблыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменовтың қатысуымен өткен кеңейтілген мәжілісте көлік және тасымал саласы мәселелері талқыланған болатын.
Осыған орай, бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ержан Жолдасов инспекцияның инертті материалдар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қолданыстағы көлік заңнамасы талаптарын түсіндірді. 
Е.Жолдасовтың мәлімдеуінше, өткен 2014 жылмен салыстырғанда заң бұзушылықтардың саны 2,5 есеге өскені байқалып отыр. ҚР Көлік заңнамасының талаптарын сақтамаған 750 құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Жалпы салынған әкімшілік айыппұлдармен және жүк автокөліктерінің жүріп өткені үшін алынған сомасы 260 млн теңгені құрады. 
- Артық салмақпен жүргісі келетін инертті материалдарды тасымалдаушылар арнайы рұқсат алуы тиіс. Мәселен, Жаңақорғаннан Қызылорда қаласына дейін 180 шақырымды құрайтын автомобиль жолына зиян келтіргені үшін арнайы рұқсат алатын карьер автокөлігінің бір жүрісінің құны 405 мың теңгені құрайды. Сондықтан инертті материалдарды тасымалдау үшін 8-10 тонналық тіркемесі бар карьер автокөліктерін пайдаланған дұрыс деп санаймын, ал 15 тоннадан асатын автокөлікке 10 тоннадан екі тіркемеге артқан жөн, - деді инспекция басшысы.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: