«Байқоңыр» кешенінде өзінің жүкті әйелін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Байқоңыр» кешеніндегі кезекшілік бөлімге №1 қалалық ауруханадан қабылдау бөліміне 30 жастағы әйел жеткізілгені айтылды. Алдын ала диагноз бойынша, оның бас сүйегі ауыр зақымданған. Жүктіліктің 39 аптасында болған әйел алынған жарақаттар салдарынан ажал құшты.
Азаматшаның үйіне тәртіп сақшылары жөнелтілді. Ол жерден жапа шегушінің 38 жастағы күйеуі ұсталды.
«Байқоңыр» кешеніндегі Ресей тергеу комитеті аталған факті бойынша РФ ҚК 111-бабы 4-бөлімі (қарастырылған денсаулыққа қасақана зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Аталған баптың санкциясында 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.