Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

АРАЛДА 14 МЫҢ БАЛА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

АРАЛДА 14 МЫҢ БАЛА ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚБиылғы жылы ауданда 1-10 сынып аралығындағы 14 мыңнан аса (14 418 бала) баланы сауықтыру және демалыспен қамту жоспарлануда. 
Оның ішінде қала сыртындағы лагерге - 600 бала, мектеп жанындағы күндізгі лагерге ыстық тамақпен 2261 бала, шатырлы лагерге - 750 бала, ауданнан тыс лагерлерге - 360 бала, бос уақытын тиімді ұйымдастыруда оның ішінде көркейту-көгалдандыруға 811 бала, экскурсияға - 2016, аулалық клубқа - 780 бала, мектеп жанындағы ыстық тамақсыз ойын лагеріне - 6840 бала барлық шаралармен толық қамтылатын болады деп күтілуде. Барлық күндізгі лагерлер мен ««Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы» 1 маусым «Халықаралық балаларды қорғау» мерекесі күні ашылады. Қала сыртындағы «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығындағы әр ауысым 10 күндік, жазғы маусымға аудан бойынша 5 ауысымда 120 баладан барлығы 600 бала демалдыру көзделуде. 
Сонымен бірге көршілес аудандарының балаларын және облыстық мекемелердің кәсіподағы, демеушілер есебінен былтырғыдай демалдыруға 7 ауысымға дейін ұзартып жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Осыған орай қазіргі таңда балалары былтырғы жылы демалыспен қамтылған облыстық мекемелерге ұсыныс жасалуда. Орталық жыл бойына толыққанды жұмыс жасап келеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: